Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық жігіттер пәктігін тексеру үшін сүйіктілерін гинекологқа апаратын болған

Опубликовано:

Елордалық жігіттер болашақ жарының пәк екеніне сенімді болу үшін, оларды гинекологқа сүйреп апаратын болған. Мамандар соңғы жылдары мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін алға тартуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kz-news.kz
Көрнекі фото: kz-news.kz: Instagram

Мамандардың айтуынша, ер-азаматтар әсіресе жасы келген қыздарды гинекологқа мәжбүрлеп әкеледі екен.

"Қазір үйленбестен бұрын, ерлер де, әйелдер де жоспарлы түрде денсаулықтарын тексеретін болған және жас жұптардың көпшілігі өмірге бала әкелу мәселесіне де жауапты қарайды. Бірақ кей жағдайда пәктікті тексерту үшін де, қыздарымен бірге әдейі келетін жігіттер болады.
Тіпті, осында қыздарын мәжбүрлеп, сүйреп әкелетін жағдайлар да болған. Әсіресе ер адамдар жасы келген қыздарға көп сенбейді. Бәлкім үлкен қыздардың таза екеніне күмәнмен қарайтын шығар. Өкініштісі ондай жігіттер қазір көп", - дейді маман.

Маман сонымен бірге пәктігін қалпына келтіруге келетін арулардың саны да көбейіп келе жатқандығын жеткізді.

"Пәктікті қалпына келтіру – бізде кездесетін ең көп жағдай. Жап-жас қыздар алданып қалғандықтарын, енді тұрмысқа таза күйінде шығу қажеттігін айтып, қыздықтарын жасатып алады.
Біз ешкімнің жеке өміріне араласа алмаймыз. Дәрігер болған соң, науқастар солай сұрап отырғаннан кейін, олардың қалауын орындаймыз", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787060-elordalyk-zigitter-pktigin-tekseru-sin-sjiktilerin-ginekologka-aparatyn-bolgan/

pixel