Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұлын таспен ұрды деп айыпталған азамат өзін босатуды талап етті

Опубликовано:

Алматыда Шығыс айналма жолынан табылған төрт жасар баланың оқиғасына қатысты соттың алғашқы отырысы өтті. Тоғыз ай бойы тергелген істе басты күдікті балақайдың әкесі. Алайда туған баласын оңдырмай ұрып-соқты деп айыпталған ер адам кінәсін мойындамай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр: КТК
Видеодан кадр: КТК: Twitter

Туған баласын таспен ұрып-соқты деп аты шыққан Мұрат Асқароғлы өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтінін жеткізді.

Бастапқыда ұлын тас жол бойында шалажансар кілемге ораулы күйінде тауып алғанын хабарлаған азаматтың өтірігін кейіннен полиция әшкерелеген. Тергеушілердің мәліметінше, бүлдіршінді өз әкесі таспен ұрған.

Алайда тағылған айыппен келіспейтін азамат сот отырысында өзін не соттап, не бостандыққа жіберуін талап етіп, сотта ашу-ызасын білдірген.

"Кінәлі екенім рас болса, осыған дейін соттатып жіберетін еді. 9 ай болды абақтыда отырмын. Маған қарсы ешқандай дәлелдері жоқ. Сенбесеңіздер ұлымның өзінен сұраңыздар. Мен оны ұрған жоқпын" , - деді Мұрат Асқароғлы

Айта кетейік, өткен жылдың 16 тамызында жол бойынан шалажансар күйде табылған бала оқиғасы барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірген болатын.

Көпшілік оны белгісіз көлік қағып кетті деп болжаған. Алайда, кейін тәртіп сақшылары оқиғаға күдікті ретінде оның әкесін ұстаған еді.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787146-almatyda-lyn-taspen-rdy-dep-ajyptalgan-azamat-zin-bosatudy-talap-etti/

pixel