Егде тартқан әжейдің келін болып түскен сәті желіде тарап кетті (видео)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде зейнеткер әжейдің келін болып көліктен түскен видеосы таралып кетті. Басына ақ жаулық салынып, екі жеңгесі иығынан сүйеген қарияның видеосы videogram_kaz парақшасында қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеодан әжейді өзімен қатар кісілердің қолтықтап көліктен түсіргенін көруге болады. Сондай-ақ, қарткісінің басына ақ жаулық салынған.
Ал видеоны түсіріп тұрған ер адам: "Ал орамал құтты болсын! Біздерден сұратып жатқандар көп қой (ред: фото, видео). Қалдыбектің гүлі. Ал құтты болсын", - деп сөйлеген.
Айта кетейік, аулада келінді күтіп отырғандар шашу шашса, әжей қонақтарға сәлем салған.
Естеріңізге сала кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787235-egde-tartkan-zejdi-kelin-bolyp-tsken-sti-zelide-tarap-ketti-video/