Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы 1000-нан аса бейнебақылау камералары орнатылмақ (видео)

Опубликовано:

Алматы қаласының қоғамдық орындарында қала көшелерінде орын алып жатқан қылмыстардың жедел анықталуына мүмкіндік беретін 1000-нан аса камера орнатылады деп хабарлайды Алматы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда мыңдаған бейнебақылау камералары орнатылады
Фото: barlau.kz: UGC

Алматы полициясының басшысы полиция генерал-майоры Серік Құдебаев сыртқы бейнебақылау камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға оң әсерін тигізетінін айтты.

"Бүгінгі таңда тағы да 142 бекетке "ДДД" ААЖ " бойынша кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолақпен жүрген жүргізушілердің бұзушылық әрекеттерін анықтайтын арнайы жүйе енгізілді", - деді Алматы полициясының басшысы.

Генерал-майор қалалық қоғамдық көліктерде тәртіп бұзушы жүргізушілер туралы ақпарат жинайтын 100 камера орнатылғанын айтты.

Қалалық аулаларда, кіреберістерде, жер асты өткелдерінде және көңіл көтеру орындарында 119 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787360-almatyda-tagy-1000-nan-asa-bejnebakylau-kameralary-ornatylmak-video/

pixel