Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы ломбардты тонаған күдікті құрықталды

Опубликовано:

Елордадағы ломбардтардың бірін тонады деген күдікпен Ақмола облысының тұрғыны ұсталды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда ломбард тонаған күдікті құрықталды
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ні ңбаспасөз қызметі: Getty Images

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, үшінші сәуір күні белгісіз адам түс уақытында Гете көшесінің бойындағы ломбардқа кіріп, қызметкерін қаруға ұқсас затпен қорқыту арқылы ақшасын күштеп алып кеткен.

Қаскөй қылмыс орнынан ізін суытқан.

«Аталған қылмысты ашу үшін елордалық полиция департаментінің жеке құрамы мен қоғам атсалысқан. 5 сәуір күні шамамен сағат 17:00-де тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылы және азаматтардың жәрдемімен аталған қылмысты жасады деген күдікке іліккен Ақмола облысының тұрғынын ұсталды.
Күдіктінің айтуынша, ол бұған дейін аталған ломбардта болып, күзеттің жоқ екенін байқаған және қылмысын жоспарлаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай айғақтар тәркіленді», - деп атап өтті департаменттен.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны  анықталған.

Аталған азаматтың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне мына мекенжай немесе телефон нөмірлері арқылы жүгінуін өтінеді: Бейбітшілік к. 19, (7172) 71-61-51; 71-66-40 не 102 нөміріне.

Еске сала кетейік, үшінші сәуір күні әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде астанадағы ломбардтардың бірінде белгісіз біреу адамды тұтқынға алды деп айтылған видео тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787379-nr-sltandagy-lombardty-tonagan-kdikti-kryktaldy/

pixel