Алматы базарында саудагерлер жаппай төбелес шығарды (видео)

Опубликовано:

Алматы полиция департаменті қала базарларында болған сатушылар төбелескен видеоның таралуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы базарында саудагерлер жаппай төбелес ұйымдастырды (видео)
Видеодан скриншот: Getty Images

Оқиға бүгін таңертең Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болған.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.

«Аяқ киім сатушылар арасында ақшалай қарызға байланысты келіспеушіліктер болып, соңы төбелеске ұласқан. Жол-патруль полициясының қызметкерлері бүлік шығарғандарды арашалап, тергеу үшін аудандық полиция бөліміне әкелді. Оларға тәртіп бұзғаны үшін заңға сәйкес шара қолданылады», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787389-almaty-bazarynda-saudagerler-zappaj-tbeles-sygardy-video/