RU

Нұр-Сұлтанның қақ ортасында қой сойған жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

Нұр-Сұлтан қаласының ортасында қой сойған ер азаматтың іс-әрекетіне астаналықтар қатты таңғалған. Қала тұрғындары "қасапшының" төрт түлікті ЭКСПО маңында бауыздап, терісін сыпырып алғанын түсіне алмауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Қойды сойған ер азаматтың әрекетін тұрғындарме мен желі қолданушылары наразылығын білдірді.

"Астана, Экспо ауданы. Жай ғана жануарды бауыздап, оның терісін сыпырып алды. Жан-жағынан көліктер өтуде, адамдар жүр, соның ішінде балалар да бар", - деді Facebook желісінде Анастасия Трифонова.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеоның астына желі оқырмандары жағымсыз пікірлерін қалдырған.

"Ер азамат елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеру құрметіне қой сойып, терісін сыпырып алды", - деп жазды Instagram желісіндегі astana_typical тобы.

"Қандай жағымсыз", "Бұл ауыл емес?!", "Біз әлі жабайы халық екенбіз", "Еуропадағыдай өмір сүргіміз келеді, Еуропада мұндай іс-әрекет үшін 5 жылға сотталады" деп астаналалықтар шағымдарын жеткізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788239-nr-sltanny-kak-ortasynda-koj-sojgan-zigit-zrtty-tagaldyrdy-video/