Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғыны бірден үш қызын ұзатты

Опубликовано:

Қайырбектің ертегідегі сияқты үш қызы болды: бірінен-бірі өткен сұлу. Олар бірінен кейін бірі туылды, бірге өсіп, әрқашан тату болды, құпияларымен бөлісті, сырласты, әрқашан және барлық жерде бірге жүрді.

Шымкент тұрғыны бірден үш қызын ұзатты

Тіпті өсіп, нағыз сұлуларға айналғанда да, бірге оқып, тек үшеуі ғана жүрді. Олар тұрмысқа шығатындары жайында бір уақытта айтқанда, Қайырбек тіпті таң қалған да жоқ. Тек қатты ойланды.

Қызды Шымкентте ұзату – күрделі шаруа. Салт-дәстүрлерді сақтап, жаңа туыстарға сыйлық беріп, ешкімді ренжітіп алмау керек. Ұзатуды жоғары дәрежеде ұйымдастыру керек. Және жасауды да керемет қылып дайындау керек.

Әрине, әйелі шамасы келгенше ең жақсы, ең керемет, ең әдемі заттарды сандыққа салып, сақтап жүрді, дегенмен, қарапайым фирмада қызмет етіп жүріп, көп дүние жинау мүмкін бе? Міне, сондықтан сандықтар жартылай ғана толған болатын.

Қайырбек әйелімен отырып, санай бастады. Тіпті ең қарапайым есептеулер бойынша барлығы 8-9 миллионнан кем түспейді. Шыққан сома оны қорқытпады, өйткені Қайырбек әлі де күшті және дені сау адам, өмір бойы жұмыс істеді және әлі де жиырма жыл жұмыс істеуді жоспарлаған болатын.

Және зайыбы да қол қусырып отырмады – нан пісіріп, жақын дүкенге сатуға тапсыратын. Ал оған қоса, жеке жинақтары да болды. Сондықтан тек бір мәселе қалды – қалған соманы қайдан алуға болады?

Сонымен Қайырбек банктерге баруды ұйғарды. Біріншісіне кіріп еді – оған максималды мерзім бойынша несиені санап, ай сайынғы төлем – 152 600 теңге шығатынын айтты. Бірақ берілетін сома оған жеткілікті болмады. Басқа банкке кірді – ол банкте берілетін несие 2 миллионға артық, бірақ ай сайынғы төлем 197 000 теңгені құрады.

Қандай несиені таңдау керек – ай сайынғы төлемі аз несие беретін банкті ме әлде несиеге көбірек ақша беретінді ме? Білімді адамдармен кеңесу керек деп шешіп, Қайырбек өз жұмысындағы бухгалтерге барды. Мұнда ақша табу үшін алысқа барудың қажет емес екені анықталды.

Ер адам жұмыс істейтін фирма АТФБанктің қызметін пайдаланады, ал "өз" клиенттеріне банк нарықтағы ең тиімді шарттарды ұсынады. Максималды сома да (алдыңғы банктегіндей), ай сайынғы төлем де 139 000 теңге Қайырбектің көңілінен шығып, ол келесі күні-ақ ақшамен оралды.

Шымкент тұрғыны бірден үш қызын ұзатты

Ал әрі қарай дайындық және шаруалар басталды. Үйлену тойы бірінен соң бірі дүркіреп өтіп, Қайырбектің сүйікті қыздары Шымкенттіктердің көрген ең әдемі қалыңдықтары болды, ал Қайырбек - ең бақытты және абыройлы әке – үш реттік құда аталды. Ал қазір Қайырбек бірден үш рет Ата болуға дайындалуда.

Егер сіз де АТФБанктен осындай тиімді несие алғыңыз келсе, сайттағы шарттармен таныса аласыз немесе сіздің қалаңыздағы АТФБанктің кез келген бөлімшесіне келіп ақпарат ала аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788343-symkent-trgyny-birden-s-kyzyn-zatty/

pixel