Айсұлтан Назарбаев Меккеге барып, қажылық парызын өтеді (видео)
Опубликовано:
Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан өзінің Instagram парақшасына Меккеде жүріп, қажылық өтеген сәтінен видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айсұлтан Назарбаевтың өз оқырмандарымен бөліскен видеосында мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке қаласындағы Қағбаны айналып жүргені көрініс тапқан.
Бұл Айсұлтанның ұзақ уақыт бойғы "үнсздігінен" кейінгі алғашқы жазбасы. Алайда ол ешқандай пікір қоспай, тек видеоның өзін жариялаған.
Айсұлтанның жазылушылары Елбасының немересін бұл қылығы үшін мақтап, дұғалары қабыл болуын тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788736-ajsltan-nazarbaev-mekkege-baryp-kazylyk-paryzyn-tedi-video/