Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қар жауды: Түркістандық диқандар алғашқы өнімді жинап үлгерді

Опубликовано:

Көкшетауда қар жауып, тұрғындар біраз әбігерге салынса, Түркістан облысындағы Жетісай ауданында диқаншылар алғашқы өнімдерін ала бастады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. 

Көкшетауда қар жауса, Түркістан диқандар алғашқы өнімдерін жинап үлгерді
Фото:KAZ.NUR.KZ: Original

Атамекен ауылдық округінің шаруалары аудан бойынша алғашқы өнімдерін жинады.

Олар биыл қаңтар айында қырыққабат еккен болатын. Санаулы айлардан соң қырыққабат пісіп жетілді.

Алғашқы терімде 20 тонна өнім жинап үлгерген. 

Көкшетауда қар жауса, Түркістан диқандар алғашқы өнімдерін жинап үлгерді
Фото:KAZ.NUR.KZ: Original
«Біз қырыққабатты қаңтар айының 10 күні егіп, жабындыны доға етіп жаптық. Сосын арнайы дәрумендерін бердік.  Қырыққабаттың келісі 210 теңгеге бағалануда, әрине, бұл жетісайлықтар үшін рекордтық баға. Үш гектар жерге 80 мың түп Кевин және Фараон көшеттерін отырғызған болатынбыз. Алғашқы терімде-ақ 20 тонна өнімді Ресей мемлекетіне жөнелтіп отырмыз», – деді «Ықылас» шаруа қожалығы төрағасы Араб Рәтов.

Нәпақасын егістіктен тауып отырған тұрғындар биыл ауыл шаруашылық жұмыстары сәтті басталғанын жеткізді. Осы орайда жиналатын өнім де мол боларына сенімді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788982-trkistanda-dikandar-algasky-nimderin-alyp-zatyr/

pixel