Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Леңгірде тарақанның уын жеп қойған бүлдіршін аман қалды

Опубликовано:

женщина с ребенком на руках
Фото: UGC

Түркістан облысының дәрігерлері тарақанның уын жеп қойған 1,5 жасар бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тарақанның уын жеп уланған бір жарым жасар қызды жедел медициналық жәрдем дәрігерлері Леңгір ауруханасына жеткізген.

Түркістан облысы Леңгір қаласының орталық ауруханасында шұғыл көмек көрсеткен дәрігерлердің арқасында қазір оның өміріне қауіп жоқ. Сәбиге "жіті улану" диагнозы қойылған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Леңгір қаласында орын алған. Ата -анасы үйге келген мейманмен жүргенде қараусыз қалған қыздары еденнен тауып алған уды жеп қойған. Абырой болғанда, анасы оны дер кезінде байқап қалып, жедел жәрдем шақырған. Алайда, сәби бұл уақытта улы заттан зардап шегіп үлгеріпті.

Бұл тұрмыс жағдайында балалардың зардап шегіп жатқан алғашқы жағдайы емес. Медицина қызметкерлері өңір тұрғындарына қырағы болуға, "тұрмыстық құралдарды, шығу тегі белгісіз химиялық заттарды пайдаланбауға, сертификатталмаған өнімдерді сатып алмауға шақыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789168-rkistan-oblysyny-drigerleri-tarakanny-uyn-zep-kojgan-15-zasar-bldirsinni-mirin-saktap-kaldy/

pixel