Семейлік оқушы ерекше қабілетімен елді таңғалдырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында тұратын Амангелді Ерасылдың ерекше өнері тарап, көпшілікті таңғалдырды. Үшінші сынып оқушысы сөздерді кідірместен керісінше айтып береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Баланың ерекше қабілетін дәлелдейтін видеоны Алия Абсеметова есімді желі қолданушысы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан Ерасылдың Аягөз қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектептің үшінші сынып оқушысы екенін аңғаруға болады.

Сондай-ақ, видеода сөздерді соңынан басына қарай айтып тұрған тоғыз жастағы баланың ерекше қабілеті байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789190-semejlik-okusy-erekse-kabiletimen-eldi-tagaldyrdy/