Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табылмаса өлтіремін деді": Ауылдан Алматыға келген қойшы жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматыға Талдықорғанның Ақсу ауылынан келген 58 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жомарт Дүйсенов. Фото: Туыстарының жеке мұрағаты, aif-kaz.kz, коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жомарт Дүйсенов. Фото: Туыстарының жеке мұрағаты, aif-kaz.kz, коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Жомарт Дүйсеновті Алматыда тұратын туыстары қалаға ертіп келген.

"Жомарт Шымырбекұлы менің күйеуімнің нағашы ағасы болып келеді. "Шаршадым" деген соң күйеуім ауылға барғанда ертіп келген. Біздің үйде тұрып жатты.

22 наурыз күні күзетші болып жұмыс істейтін күйеуім Жеңіс нағашы ағасын жұмысына ертіп кеткен еді.

Келесі күні "үйге бара бер деп" Айнабұлаққа баратын №104 автобусқа салып жіберген. Маған "күтіп ал" деді. Ұлым екеміз күткенмен ол келмеді.

Сол күні үш сағат іздедік. Алайда одан бері үш аптадан асты, сол күйі табылмады", - деді көпшіліктен көмек сұраған Айнаш Беделбаева.

Туыстарының айтуынша, полицияға арыз жазғанымен еш хабар болмаған.

Айнаш шопан қайын ағасы жоғалғалы бері үйде күнде ұрыс-керіс болып жүргенін алға тартты.

"Күйеуім нағашысының жоғалғанын ұлым екемізден көреді. Уақытында күтіп алмадыңдар деп кінәлайды. Қорқытады.

Автобустың камерасынан көрсек сағат түскі 12 болмай автобустан түсіп қалыпты. Күйеуім егер ағам табылмаса өлтіремін, "қанға қан" деп айтты.

Өтінем, көрген жан хабарлассыншы, мына азаптан құтқарсыншы, жүйкеміз тозып кетті", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789469-auyldan-almatyga-kelgen-kojsy-zogalyp-ketti/

pixel