Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында асфальт тесіліп қалды (фото)

Опубликовано:

Елорданың басты көшелерінің бірінде асфальт тесіліп қалған. Өкініштісі,бұл шұңқыр шетелдіктер көп келетін, елордадағы танымал қонақүйлердің бірінің алдында пайда болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Редакция тілшілеріне тесілген асфальттің суретін жіберген қала тұрғыны мұндай жолдардың қала бойынша жетіп артылатынын алға тартты.

"Қаланың қақ ортасында асфальт осылай тесіліп қалған және шетелдіктер көп келетін, элиталы аудан саналатын көшенің сыйқы осындай. Сапасыз салынған жолдардың кейпі осындай болады.
Елорданың іші-сыртының жолын тексерсе, мұндай тесілген асфальтті көп жерден кездестіруге болады деп ойлаймын. Таң қалатын түгі жоқ, қалыпты жағдай", - дейді қала тұрғыны.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Сонымен бірге, ол бюджет ақшасын "LRT" құрылысына жұмсағанша, жолдардың сапасын арттыруымыз керек еді деген пікірді ортаға салды.

"Кеше ғана Нұр-Сұлтан әкімінің "LRT" құрылысын тоқтатқаны туралы мәліметті естідік. "LRT"-ға шашылғанша, жолды жөндемедік пе? Бірақ айтқанмен пайда жоқ, Қазақстандағы жол құрылысы осылай өмір бойы сапасыз болып қала беретін шығар. Өте өкінішті әрине, бірақ, шындығы сол", - деп күйінді қала тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789476-1804nr-sltanda-kseni-kak-ortasynda-asfalt-tesilip-kaldy-foto/

pixel