RU

Іш киіммен мінсіз мүсінін көрсеткен отандық балерина желіні шулатты

Желіде денесін жалаңаштаған қазақ қызының видеосы тарап кетті. Бейнежазбада бойжеткеннің үстінде тек қана іш киім бар. Желі қолданушылары дене сымбатын паш еткен арудың қылығын ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Instagram желісіндегі жартылай жалаңаш күйдегі видеоны бойжеткеннің өзі жариялаған.

Оның парақшасына қарап, арудың балетпен айналысатын кәсіби балерина екенін аңғаруға болады.

Ел арасында қызу талқыға түскен бейнежазбада оның жалғыз іш киіммен тұрғаны көрініс тапты.

Жалаңаштанған денесін ғаламторға жүктеуден жасқанбаған сылқымның әрекетіне қатысты желідегілердің пікірі екі түрлі болды.

Бірі оның қылығын ерсі санап, бұл бейнематериалды демеуші іздеу мақсатында салды деп жатса, енді бірі оның мінсіз мүсініне тәнті болғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789548-dene-symbatyn-pas-etken-zartylaj-zalaas-kazak-kyzy-zaga-statty/