Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда туған қызын тұтқынға алып, бауыздамақ болған ер адам елді дүрліктірді (видео)

Опубликовано:

Қарағанды тұрғыны 17 сәуір күн туған қызын тұтқынға алды. Ол қыз баланы бауыздаймын деп қорқытып, қалалық орталық мешітке алып барған деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мешітке апаруды талап етті: Қарағандыда баланы тұтқынға алуға қатысты тың деектер белгілі болды (видео)
Фото: time.kz Коллаж:KAZ.NUR.KZ: Facebook

Басылымның ақпаратынша, ер адам бірнеше күн бұрын әйелімен ренжісіп, үйден кетіп қалған. Кеше татуласу үшін қайта оралыпты. Алайда ерлі-зайыптылардың арасында тағы жанжал шыққан.

Тұтқындалған азаматтың енесі оның пышақ алып, бәрін өлтіремін деп қорқытқанын мәлімдеді. Әйел адамдар екі баланы алып, пәтерден қашып шыққан. Ал ер адам кенже қыздарын алып, есікті жауып алыпты.

Оқиға орнына полицейлер келгенде қарағандылық азамат қызды өлтіремін деп қорқытқан.

Куәгерлер басылымға ер адамның қыздың тамағына пышақ тақағанын жеткізген. Сосын оған көлік берілуін талап етіпті.

Тәртіп сақшылары оның талабын орындаған. Көлікке отырған азамат қызымен бірге орталық мешітке барыпты. Мешіттің айналасы қоршауға алынып, ұзақ келіссөздер жүргізілген.

Куәгерлермен сөйлескен "Время" басылымының тілшілері күдіктінің мешіт кіреберісіндегі бөлмеге орналастырылғанын анықтаған.

Ер адамды сабасына түсіруге жергілікті имам көмектескен екен. Төрт сағаттан кейін ол өзі полицейлерге беріліп, бала анасына қайтарылды.

Қыз бала анасымен бірге жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Ал тәртіп бұзушы тұтқындалды. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берілген ақпаратты көшіру және пайдалану "Время" басылымы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789572-mesitke-aparudy-talap-etti-karagandyda-balany-ttkynga-aluga-katysty-ty-deekter-belgili-boldy-video/

pixel