Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне жаңа басшы келді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысын таныстырды. Бұл қызметке Атығай Арыстан келді деп хабарлайды ІІМ ресми өкілі Нұрділда Оразға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атығай Арыстанов. Фото: ҚР ІІМ
Атығай Арыстанов. Фото: ҚР ІІМ: UGC
Президент әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысы лауазымына полиция полковнигі Арыстанов Атығай Ғалымбекұлы тағайындалды.

Жаңа жетекшіні ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі жеке-жеке құрамға таныстырды.

Атығай Арыстанов 1971 жылы Қостанай облысында дүниеге келді.

Алматы мемлекеттік университетін тәмәмдап, ҚР ІІМ-нің Қарағанды заң институтының магистранты атанды.

Арыстанов көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Тәжірибесі мол. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, мүліктік қылмыстарға қарсы күрес бөліністерінде жұмыс істеп, қылмыстық іздестіру бөліністерін басқарды.

Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция департаментінің бастығы, Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Соңғы 3 жылда орталық аппаратта криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, экстремизмге қарсы күрес департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789640-aktbe-oblystyk-policia-departamentine-zaa-bassy-keldi/

pixel