Түркістан облысында аулада жүрген үш жасар сәби ұшты-күйлі жоғалып кеткен (фото)
Опубликовано:
Түркістан қаласының полицейлері жоғалған үш жасар бүлдіршінді тауып, ата анасына табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкесінің айтуынша, бала кешқұрым аулада велосипедпен серуендеп жүрген. Қапелімде перзентінен көз жазып қалған әкесі бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.
Оқиға болған жерге Түркістан қаласының полиция басқармасының полицейлері мен жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен. Бүлдіршінді іздеу үшін қалалық полиция басқармасының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Тәртіп сақшылары жақын аумақтардың аулаларын аралап шығып, куәгерлерден жауап алып, басқа да шұғыл іс-шаралар жүргізген.
Үш сағаттан соң жоғалған үш жасар балақай Түркістан қаласының көшелерінің бірінен табылған. Полиция қызметкері сәбиді ата-анасының қолына табыстады.
"Ата-анасы да өздері тарапынан ұлдарын сап-сау, аман-есен қайтарып бергені үшін Полиция басқармасының басшылары мен полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен шұғыл іс-әрекеттері үшін зор алғыстарын білдірді", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789695-trkistan-oblysynda-aulada-zrgen-s-zasar-sbi-sty-kjli-zogalyp-ketken-foto/