Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұртас Адамбай өзін "Эйр Астана" ұшағының бизнес-классына жібермей қойғанын айтты

Опубликовано:

Актер, режиссер және продюсер Нұртас Адамбай өзін "Эйр Астана" ұшағының бизнес-классына жібермей қойғанын айтты. Оның сөзінше, актер әуежайға уақытында келген, алайда тіркеу орнында актерге "жүйе ақауларына" байланысты бизнес-класстан орын берілмейтінін хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: yvision.kz, көрнекі фото NUR.KZ
Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: yvision.kz, көрнекі фото NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы Facebook парақшасында мәлімдеген Нұртас Адамбай өзін әуе компания өкілі ретінде таныстырған әйелдің видеосын салды.

"Әрдайым "Эйр Астана" әуе компаниясы туралы тек жағымды пікірде болатынмын. Бірақ, бұл жолы менің ойым түбегейлі өзгерді. Мен уақытында әуежайға келіп, рейске тіркеле бастағанда олар "жүйе ақауларына" байланысты бизнес-класстан орын бере алмайтындарын айтты.
Мен олардың борттағы нақты орын санынан артық билет сататындары туралы естігенмін. Бірақ мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрмын.
Яғни, көп қаражат табуды көздегендері үшін жолаушылар зардап шегуі керек пе? Неге мен алдын ала билет сатып алып, әуежайға келгенде борттағы заңды орнымды ала алмаймын?", - деп жазған Нұртас Адамбай.

Режиссер бөліскен бейнежазбада өзін әуекомпания өкілі ретінде таныстырған ару "қазіргі уақытта желідегі ақауларға байланысты біз сізге бизнес-класстан орын бере алмаймыз" деп мәлімдеген.

NUR.KZ тілшісі оқиғаға қатысты пікір алу үшін "Эйр Астанаға" хабарласты.

Алайда, әуекомпания әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789703-nrtas-adambaj-zin-ejr-astana-sagyny-biznes-klassyna-zibermej-kojganyn-zajyp-saldy/

pixel