Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибігүл Жексенбай "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Белгілі тележурналист Бибігүл Жексенбай "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мәулен Әшімбаев пен Бибігүл Жексенбай. Фото: Facebook.com/m.ashimbayev
Мәулен Әшімбаев пен Бибігүл Жексенбай. Фото: Facebook.com/m.ashimbayev: Facebook

Жаңа басшыны телеарна ұжымына "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.

Оның айтуынша, Бибігүл Жексенбай "Астана" телеарнасының одан әрі дамуына тың серпін береді. 

Бибігүл Жексенбай отандық ақпарат айдынында есімі қалыптасқан кәсіби журналист.

Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған.

Сонымен қатар, бизнес-басқару магистрі.

Еңбек жолын қатардағы тілшіден бастап еліміздегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарының топ-менеджері қызметіне дейін көтерілген.

М. Дюсекина

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789797-bibigl-zeksenbaj-astana-telearnasyny-bas-direktory-bolyp-tagajyndaldy/

pixel