Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық жігітке еріп кеткен бойжеткен табылды

Опубликовано:

Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны Аружан Шабарбек табылды. БАҚ беттерінде ақпарат тарағаннан кейін ол үйіне оралған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аружан Шабарбек. КТК телеарнасынан кадр
Аружан Шабарбек. КТК телеарнасынан кадр: UGC

Бұған дейін қызды жақындары іздестірген.

Анасының сөзінше, ол Есік қаласынан күйеу жігітпен бірге Таразға кетіп, жоғалып кетіпті.

Бойжеткеннің хабарсыз кеткені бір айға жуық уақытқа созылған.

Қазіргі уақытта Аружан үйіне қайта оралған.

Анықталғандай бойжеткен осы уақыттың аралығында Алматы облысындағы көрші ауылда бала күтуші болып жұмыс істеген.

Ол өзінің із-түзсіз кеткенін ақша тауып, анасына көмектескісі келгенімен түсіндірген. Алайда бұны ол ешкімге ескертпеген. Бойжеткеннің айтуынша, оның телефон шалуыға мүмкіндігі болмапты.

Айта кетейік, 18 жастағы қызды Алматы және Жамбыл облыстарының полицейлері іздестірген.

Анасы бір айдан бері қызының қайда жүргенін білмейтінін айтып дабыл қаққан. Құдалар оған қызын Тараздан Алматыға қарай автобусқа салып жібергенін жеткізген.

Олардан қыздың аяғы ауыр екендігі белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789798-tarazdagy-kjeu-zigitinen-kasyp-ketken-aagy-auyr-aru-tabyldy/

pixel