Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанамын": Өзінің туған балдызына ғашық болған азамат елден кеңес сұрады

Опубликовано:

Дастен есімді азамат әйелінің туған сіңлісін сүйіп қалғанын айтып, жұрттан ақыл сұрады. Жігіттің айтуынша ол сүйген адамына қосыла алмайтынын жақсы түсінеді екен. Бірақ жүрекке де әмір бере алмайтынын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: avto.goodfon.ru
Фото: avto.goodfon.ru: UGC
"Жақында әйеліммен отасқаныма екі жылдың жүзі болады. Осы уақыт бойы жұбайымның туған сіңлісін ұнатып келдім. Ол төрт жыл шетелдегі жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып, биыл елге қайтып оралды. Балдызымды тек бір рет үйлену тойымызда көргенмін. Сол сәттен бастап оны ұнатып қалдым", - дейді ол.

Азаматтың айтуынша, бойжеткен елге оралғалы бері әпкесімен бір шаңырақта тұрып жатыр екен.

Күнде көз алдында жүрген сүйіктісіне жақындай алмайтыны үшін қынжылған жігіт балдызын қызғанатынын да сөз етті.

"Өзін күнде көремін. Ол үйде болмай қалса іздеп, уайымдап кетемін. Екеуіміздің бірге бола алмайтынымызды түсінсем де, ештеңе істей алар емеспін.
Ол мені «жезде» деп сыйлап тұрады. Менің сезімімнен хабарсыз. Басқа біреуді кезіктірсе не істемекпін, оны қазірдің өзінде қызғанамын", - деп жан сырын ақтарды кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789914-kyzganamyn-zini-tugan-baldyzyna-gasyk-bolgan-azamat-elden-kees-srady/

pixel