Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің көңілдесі барын біле тұра іштен тынып жүрген келіншек жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Eсімін жасырын қалдырығысы келген әйел адам Instagram парақшасында басындағы жағдайымен бөлісіп, оқырмандардан кеңес сұрады. Күйеуінің төрт жылдан бері басқа біреумен көңіл қосқанын біліп қойған келіншек ақша үшін үндемей жүргенін баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: lifestyletherapycoach.com
Фото: lifestyletherapycoach.com: UGC

41 жастағы кейіпкер жұбайының көңілдесімен жазысқан хаттарын оқып жүргенін айтты. Келіншектің айтуынша, ол мұны тек бір түндік қарым-қатынас деп ойлаған. Алайда уақыт өте олай емес екенін түсінген.

"Мен ол әйелді күйеуімнің бір түндік көңілдестерінің бірі деп ойладым. Сөйтсем олардың жүріп жүргеніне төрт жылдың жүзі болыпты. Мен оны көңілдесінің ренжіп жазған хаттарынан оқып қойдым", - дейді әйел адам.

Келіншектің айтуынша, көңілдесі күйеуінен бірнеше жыл жүріп бірде бір сыйлық алмағанына өкпелеп, хат жазған.

"Жұбайымның оған ақша шашпайтынына қуанайын ба? Білмеймін. Күйеуім оған сезімін білдіріп жазады. Ал мені жамандайды. Екеуіміз тіпті бірге ұйықтамаймыз. Жай ғана көршілер сияқтымыз", - деп жазды ол.

Келіншектің жазуынша, күйеуімен отасқанына 16 жыл болыпты. Жұбайы асырап отырғандықтан одан ешқайда кетіп қала алмайтынын да жасырмады.

"Арада екі баламыз бар. Бәрін біле тұра ішімнен тынып келемін. Бұл өте ауыр. Кетіп қалайын десем, бізді қамтамасыз етіп отыр. Ештеңеге мұқтаж есепіз. Бәрін бұза алмаймын", - дейді кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790174-kjeuini-kildesi-baryn-bile-tra-isten-tynyp-zrgen-kelinsek-zan-syrymen-blisti/

pixel