Екі аяқсыз дүниеге келген қазақстандық бала Мессимен кездесті (фото)

Опубликовано:

Қос аяқсыз өмірге келген елорданың кішкентай тұрғыны Әли Тұрғанбеков танымал аргентиналық футболшы Лионель Месси мен "Барселона" ойыншыларымен кездесті деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram
Фото: instagram: UGC

Әли Барселона клубының жаттығуында және "Камп Ноу" стадионында болып қайтты.

Месси мен Суарес оған жақындап, қолын беріп, бірге суретке де түскен.

Арманы орындалған жасөспірімнің қуанышы қойнына сыймады.

"Месси басымнан сипап, әлденені айтқанда ішімде көбелектер ұша бастады. Барлығы үшін Жаратқанға алғысымды айтамын! Жаратқанға сеніп, тек содан сұраңыздар. Бәрі тек оның қолында. Мен армандадым, ата-анам тырысты, ал Жаратқан орындады", - деп жазды балақай өзінің Instagram парақшасында.

Жасөспірімнің ата-анасы ұлдарының арманын орындаған Барселонадағы Қазақстан консулдығына алғысын білдірді.

2018 жылы "қазақстандық вуйчич" футболдың аңызына айналған аргентиналық ойыншы Марадона мен француздық ПСЖ жұлдыздарымен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790272-eki-aaksyz-dniege-kelgen-kazakstandyk-bala-messimen-kezdesti-foto/