Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Роллс көз арбасты (фото, видео)

Опубликовано:

Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық боксшы Стив Роллстың баспасөз конференциясы өтті. Тікелей эфир YouTube-тағы DAZN USA арнасында жүргізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиында қазақстардық былғары қолғап шебері жанкүйерлеріне 8 маусым күні жақсы шоу көрсетуге уәде берді.

Сонымен қатар ол Роллспен өтетін жекпе-жекті жіберіп алмауға шақырған.

Сондай-ақ, Стив Роллс те баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, 8 маусым күні сыншыларға өзінің кім екенін дәлелдейтінін айтты.

Канадалық боксшы Головкинді құрметтейтінін, бірақ 8 мамыр күні күллі әлемді таңғалдыратынын жеткізді.

Айта кетейік, баспасөз конференциясы кезінде боксшылардың көз арбасу сәті де болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790464-golovkin-men-rolls-kz-arbasty-foto-video/

pixel