Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иордания ханзадасы АҚШ-та қазақстандық бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Опубликовано:

Иордания ханзадасы АҚШ-та тұсаукесер рәсімін өткізді. Салт барлық талаптарға сай орындалды. Бұл орайда шымкенттік Асма Қалыбекованың кітабы көмек болған деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зейд Раад Аль Хусейн және тұсаукесер рәсімі. Фото: tvpacifico.mx/otyrar.kz
Зейд Раад Аль Хусейн және тұсаукесер рәсімі. Фото: tvpacifico.mx/otyrar.kz: UGC

Иорданиялық ханзада Зейд Раад Аль Хусейн педагогика ғылымының докторы Асма Қалыбекованың нұсқаулығын орындай отырып сәбидің тұсауын кескен.

Аталған рәсім АҚШ-та болған.

Рәсімге қатысушылардың айтуынша, королдік династияның өкілі Асма Қалыбекованың кітабына қызыққан. Сол себепті, қазақтың салт-дәстүрі жайлы сұрастырған.

Ханзада Қазақстанға келіп жатса, кітап авторымен кездесуге бар күшін салатынына уәде берді.

Сондай-ақ, басылым шымкенттік ғалым, педагогтың кітабы АҚШ-та қалай пайда болғанын түсіндіріп берді.

Асма Ахметова таныстарының балалары өзге елге қоныс аударған кезде, туған жерін ұмытпау үшін оларға өз кітабын сыйға тартқан екен. Автордың еңбегі олардың қызы дүниеге келіп, өсіп қалғанда қажет болған.

Тұсаукесер рәсімінен фото: otyrar.kz
Тұсаукесер рәсімінен фото: otyrar.kz: UGC

Бүгінде колумбиялық университеттің магистранты атанған ата-ана Әсет пен Жансая Оңласовтар қазақтың "тұсаукесер" рәсімін өткізуді шешкен.

Ал ханзада және ғылым докторы Зейд Раад Аль Хусейн қазақстандық жұптың қызының тұсауын кескісі келген.

Ол қазақтың дәстүрінен керемет әсер алғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790469-iordania-hanzadasy-aks-ta-kazakstandyk-kyz-balany-tsauyn-kesti-foto/

pixel