Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Дәленов артық салмақтан арылу қатысты кеңес берді

Опубликовано:

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов мәңгі жас көрінгісі келетін қыз-келіншектерге бет күтіміне, артық салмақтан арылу мен дұрыс тамақтану тәртібіне қатысты бірқатар кеңес берді. Профессордың әдісіне құлақ асқан ұлы Ұлттық экономика министрі 9 айда 42 келі салмақ тастаған.

Медицина ғылымдарының докторы

Жылқының қазысының майынан артық крем жоқ

"Профессордың айтуынша, әйелдер әжімге қарсы қымбат крем сатып алып босқа шығындалып жүр. Тері күтімінде кәдімгі жылқының қазысының майынан асқан пайдалы зат жоқ", - дейді Дәленов.

"Профессордың кеңесіне сүйенсек, жылқы майын тоңазытқышқа салып сақтау керек. Қатып тұрған майды күніне екі рет, яғни, таңертең және кешке бетке жұқалап жаққан дұрыс. Сонда тері ылғалдылығын жоғалтпайтын көрінеді. Канадада шығарылатын косметикалық кремнің 70 пайызына қазының майы қосылады", - дейді профессор.

Ал қазақтың қыздары мұны білмейтін көрінеді. Бұған қоса, күніне 1,5-2 литр су ішкен адамның да өңі сыр бермейді, әжім түспейді. Профессор ағзада су жетпегендіктен терінің ескіретінін ескертеді.

Артық салмақтан арылғыңыз келсе.

Ерболат Дәленов таңертең ұйқыдан оянған соң екі стақан жылы су ішуге кеңес береді. Таңертең тоя тамақтану өте зиян. Түнгі сағат 10 мен таңғы 10 аралығында адамның асқазанында ас қорыту процесі жүріп жатады. Сондықтан таңғы асқа жеміс-жидек қосылған ботқа мен фитошай ішкен дұрыс.

Компот, тәтті сусындар мен қара, сүтті шайдың пайдасы аз. Тек таза су ғана ағзадағы клеткаға тіке жетеді. Дастарханға отырар алдында жарты сағат бұрын бір стақан су ішіп, артық салмақтан арылуға болады. Ал астан кейін бірден су ішкен адам, керісінше, семіреді. Шай, өзге де сусынды тамақтан соң 40 минуттан кейін ішкен дұрыс.

Медицина ғылымдарының докторы

Профессордың ұлы Ұлттық экономика министрі семіздікті қалай жеңді?

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те әкесі айтқан әдіспен 9 айда 42 келі салмақ тастаған. Сонымен, Дәленовтер күні бойы жиі-жиі жұдырықтай ғана ас жейді. Олар түрлі қоспасы бар, өңделген азық-түлік, сусынды мүлдем тұтынбайды. Тек таби өнімді пайдаланады екен.

Үстелдегі тәттіні құрма, өрік, мейіз, жаңғақ, жеміс-жейдекке ауыстырған. Ал қуырылған тағамды жау көреді, тек суға, бу дайындалған ас жейді. Дәрігер ет пен салатты аралстырмауға кеңес береді. Көкөніс қосылған еттің қорытылуы қиын болады екен. Бұл профессор Ерболат Дәленовтың өзі қалыптастырған тамақтану әдебі. Әкесінің айтуынша, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те дәл осы әдіспен 9 айда 42 кеді салмақ тастаған.

Жалпы, дұрыс тамақтану қарапайым жұртқа еш қымбатқа түспейді. Қазақтың қазысы, жылқы еті, сүттен жасалған тағамдар мен жент, май, нанды, тіпті, таза өсімдік майына пісірілген бауырсақты да орнымен, аз мөлшерде жеуге болады. Ал асқазанның үш жауы бар: бірінші - спирттік ішімдіктер, екінші - ақ қант, үшінші - тұз.

Қазір, әсіресе, мектептердегі асханалардың тамағы дәмсіз әрі сапаcы күмәнді. Сондықтан оны шәкірттердің 80 пайызы жемейді.

Орнына тәтті сусын, денсаулыққа зиян тағамдарды сатып алады. Мектепте оқитын әрбір төрт баланың біреуінде артық салмақ бар. Бұл - мектептегі ұл мен қыздың 47 пайызы болашақта жүрек ауруына, 23 пайызы кант диабетіне шалдығады. Оқу, ойлау, талдау қабілеті төмендейді деген сөз.

Біз мектептерді тамақтандыратын комбинат ашуды ұсындық. Оқу орындарына дайын асты контейнерлерге салып, таратамыз. Технологтар балалардың ас мәзірін жіті бақылауда ұстайды. Мұндай комбинат Ресей, АҚШ-та бар. Қазақстанда әлі ашылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790518-erbolat-dlenov-artyk-salmaktan-arylu-katysty-kees-berdi/

pixel