Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық өрт сөндірушінің суреті желідегілердің жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасындағы өрт сөндірушінің суреті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өрт сөндіруші. Фото: instagram.com/aqmola_tjd
Өрт сөндіруші. Фото: instagram.com/aqmola_tjd: Facebook
"Өрт сөндірілгеннен кейінгі құтқарушының суреті. Екі адам аман қалды" ,- деп жазылған суреттің астында.

Анықталғандай, суреттегі өрт сөндіруші есімі - Жасұлан Мұстафин. Ол Көкшетау қаласындағы №2 өртке қарсы күрес бөлімінің командирі екен.

Желі қолданушылары өрт сөндірушіге жылы лебізін жаудырған.

"Күнделікті адам өмірін құтқарып жүрген қайсар әрі батыл адамдар. Олар ерліктері үшін ештене сұрамайды да. Мұндай жандар әрбір алғысқа лайық. Сіздерге рақмет айтқымыз" , - деп жазған желідегілер.

Алайда, белгілі болғандай тұрғынды өрт сөндіруші емес, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Абылайхан Шәріпов құтқарған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол Көшеғұлов көшесінде орналасқан жер үйден шығып жатқан түтінді көріп қалады. Оқиға орнына барып жеткенде жалынның дәлізге өтіп кеткенін аңғарған.

Абылайхан алдымен 101 нөміріне қоңырау шалып аулаға шыққанда тұншығып үйден өздігінен шыға алмай жатқан ер адамды байқап қалған.

Үй иесі сыртқа терезе арқылы шығып, досын құтқару үшін үйге қайта кіре алмай тұрған. Абылайхан Шәріпов терезені сындырып, азаматты құтқарып алды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 41 минутта сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790839-kazakstandyk-rt-sndirusini-sureti-zelidegilerdi-zregin-elziretti-foto/

pixel