50 метрге ұшты: Алматы маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті (фото)
Опубликовано:
Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Автокөлік жолға жүгіріп шыққан ер азаматты қағып кетті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты бүгін таңертең Алматы-Жетіген тас жолының 22 шақырымында орын алды.

Куәгерлердің мәліметінше, Kia Sorento қалаға қарай жүріп келген. Бір кезде жолдың жарығы жоқ бөлігінде ер адам пайда болды. Көлік жүргізушісі істі қолға ала алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соққының күшінен ер адам 50 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Ер азамат ауыр жарақаттардан көз жұмды.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790890-50-metrge-sty-almaty-maynda-zaau-zrginsini-klik-kagyp-ketti-foto/