"Бәрі ақша үшін": Абель Санчес GGG мен DAZN арасындағы мәміле туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкин бапкері Абель Санчестен кетті. Ал серіктестіктің не себепті бұзылғанын айтқан тәлімгері GGG мен DAZN арасындағы мәміле туралы да сөз қозғады деп жазады ESPN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.yandex.kz
Фото: news.yandex.kz: Facebook

Қазақстандық боксшының бұрынғы бапкері Головкин туралы теріс пікірде екенін айтты. Санчес, тіпті, Головкин мен DAZN арасындағы келісімшарттың сомасын да мәлімдеді.

"Сараң әрі рақметі жоқ. Ол енді ғана DAZN-мен 100 млн тұратын келісімшартқа қол қойды. Сонда сіздің ақшаңыз жеткіліксіз болғандықтан, радикалды шараларға баруға тиіссіз бе? Мұның барлығы ақша үшін", - деді Абель Санчес.

Сонымен қатар, америкалық бапкер боксшының әрекетіне таңданғанын мойындады. Санчестің сөзінше, ол Головкинді тәрбиелі әрі адал адам деп есептеген.

Оның айтуынша, үлкен ақша GGG-ді өзгертіп жіберген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин бапкері Абель Санчестен кететінін мәлімдеген болатын. Боксшының бұрынғы бапкері бұған қатысты пікір білдіріп, серіктестіктің аяқталуына не әкеліп соққанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790950-bri-aksa-sin-abel-sances-ggg-men-dazn-arasyndagy-mmile-turaly-syndykty-ajtty/