Бек Нұрмағамбет бокстан Қазақстан құрамасына екінші алтынды сыйлады

Опубликовано:

Бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында Бек Нұрмағамбет Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бек Нұрмағанбет. Фото: оlympic.kz
Бек Нұрмағанбет. Фото: оlympic.kz: Facebook

81 келіде шаршы алаңға шыққан отандық спортшы финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді жеңіп, алтынды қанжығасына байлады.

Еске сала кетсек, осыған дейін 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионы атанған болатын.

Ал, 60 келіде ақтық мәреге шыққан Зәкір Сафиуллин моңғолиялық Цендбаатар Эрденебаттан жеңіліп қалып, күмісті місе тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791260-bek-nrmagambet-bokstan-kazakstan-kramasyna-ekinsi-altyndy-syjlady/