Елімізде тіркелмеген ұялы телефондардың бұғатталатыны ескертілді

Опубликовано:

Beeline компаниясы өз абоненттеріне, құрылғылардың тіркелгенін тексеру қажет екенін ескертуде. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Facebook

Компания отандық заңнамаға сәйкес, байланыс операторының жүйеге тіркелмеген немесе онда енгізілген мәліметтерге сай келмеген абоненттік құрылғыларға қызмет көрсетуге құқығы жоқ екенін түсіндірді.

Байланыс қызметтерін тек тіркеуден өткен абоненттер ғана ала алады. Услуги связи могут получать лишь те абоненты, которые прошли регистрацию. SIM-картаны қолданатын барлық құрылғылар өз иелерінің атында болуы керек.

Ұялы телефонның тіркелгенін *835# қызметі немесе БДИК пен Beeline-ның ресми ресурстарынан тексеруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791586-elimizde-tirkelmegen-aly-telefondardy-bgattalatyny-eskertildi/