Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құранды жатқа білетін алматылық алты жасар бала миллионер атанды

Опубликовано:

Қасиетті құран сүрелерін жаттаудан өткен республикалық жарыста әлі мектепке де бармаған балақай бір миллион теңге ұтып алды. Ал 19 жастағы маңғыстаулық жігіт алғырлығының арқасында көлік мініп қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құранды жатқа білетін алматылық алты жасар бала миллионер атанды
Фото: Жеке мұрағаттан: Getty Images

6 жастағы Нұртілеу қасиетті құранның 10 парасын жаттап алған. Жіңішке дауысымен қасиетті аяқттарды қатесіз оқиды. Әкесінің айтуынша, Нұртілеу 3 жасынан-ақ Алланың сөзіне ынта аударып, 200 беттен тұратын он параны жаттаған.

Ересектермен бірге бәйгеге еркін түскен баланың оза шабуын көргенде залдағы қауым толқығаннан көздеріне жас алды.

«Нұртілеудің алдында ағасы 9 жаста, әпкесі 10 жаста. Үшеуі отырып құран оқиды. Інісі осы Нұртілеу екеуіне қарап құран жаттайды.
Ұйымдастырып отырған алқаларға, қазақ еліне, құранның нұрымен бөленген үлкен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз», - деді ұлының жеңісіне қууанған Серік Сейітқасымұлы.
Құранды жатқа білетін алматылық алты жасар бала миллионер атанды
Фото: жеке мұрағаттан: Getty Images

Құран аяттарын жатқа айтатын қарилердің қабілеттерін көру үшін ел көлемінде 558 қатысушы арасында іріктеу жарысы жүргізілген.

Бұл додалы жарыста қарилар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу сынды 4 номинация бойынша сайысты.

Ал 3 жылдың ішінде 30 пара құранды түгел жаттап алған маңғыстаулық жігіт бас бәйгеге тігілген көлікті иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791662-krandy-zatka-biletin-almatylyk-alty-zasar-bala-millioner-atandy/

pixel