Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақшаға судай молдаван қызы Назарбаевты таңдай қақтырды

Опубликовано:

Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-ші сессиясында қазақшаға судай молдаван қызы қазақ тіліне құрмет көрсетуді сұрап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін таңдай қақтырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алла Чечеткина. Кадр КТК арнасы
Алла Чечеткина. Кадр КТК арнасы: Depositphotos
"Қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскендіктен, ең алдымен қазақ тіліне құрмет көрсетілуін талап етемін. Мемлекеттік тілде сөйлемесек, білуге тырыспасақ, біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге қосқан үлесіміз немен өлшенеді? Барлық қандас бауырларымды қазақ тілін білуге, сүюге, өміріне рухани азық етуге шақырамын", - деді Қостанай облыстық филармониясының баспасөз хатшысы Алла Чечеткина.

Бұған елбасы: "Мына  жерде біраз қазақ ағаларыңа ұят болды. Бәрінен жақсы сөйлейсің қазақша", - деп жауап қатқан.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791681-kazaksaga-sudaj-moldavan-kyzy-nazarbaevty-tadaj-kaktyrdy/

pixel