"Тобыл" командасының ойыншысы жансақтау бөліміне түсіп қалды
Опубликовано:
Қостанайлық "Тобыл" командасы футболшыларының бірі жансақтау бөліміне түсті деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Спортшының тамақтан уланғаны туралы мәлімет бар.
Ауыр халдегі футболшыға дәрігерлер қолдан келер көмектерін аямай жатыр.
Ем-дом шаралары жақсы нәтиже көрсетеді деген үміт бар.
«Тобыл» — 1967 жылы ашылған Қостанайдағы футбол командасы.
Команда 2010 жылы премьер-лиганың жеңімпазы атанып, 2007 жылы Интертото Кубогы мен Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791704-tobyl-komandasyny-ojynsysy-zansaktau-blimine-tsip-kaldy/