Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев, Сапарбаев және Байбек аналар орталығына барды (фото)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған ресми сапары барысында «Бақытты отбасы» аналар орталығына барды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев
Фото: Ақорда: Facebook

Орталықта мемлекет басшысына көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі Тұңғыш президент – Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Тоқаев
Фото: Ақорда: Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаев «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік әлсіз отбасылар мен көпбалалы аналарға қызмет көрсету мақсатында ашылған еліміздегі алғашқы мекеме «Бақытты отбасы» аналар орталығының жұмысымен танысты.

Тоқаев
Фото: Ақорда: Facebook

Мұнда мамандар көпбалалы аналарға психологиялық, құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, жаңа мамандықтарға баулып, компьютерлік сауат ашуға көмектеседі.

Тоқаев
Фото: Ақорда: Facebook

Орталық қызметі әлеуметтік әлсіз отбасылардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791891-tokaev-saparbaev-zne-bajbek-analar-ortalygyna-bardy-foto/

pixel