Қатты дауыл "Мен Қарағандыны жақсы көремін" жазуын қиратып жіберді

Опубликовано:

Бүгін Қарағанды облысында дауыл тұрып, бірнеше ғимарат - ЖОО-лар мен көпқабатты үйлер шатырсыз қалды. Одан бөлек, қатты жел салдарынан "Мен Қарағандыны жақсы көремін" деп жазылған конструкция деп қираған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарағандыда
Видеодан алынған кадр: UGC

Қарағандыдағы Бұқар Жырау ауданында шатырдың үлкен қалдықтары ұшып жүрген.

Бкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ниверситетінің екінші корпусы да төбесіндегі жабынынан айырылды.

Шатыр бөлшектері, абырой болғанда, студенттерге зақым келтірмей, тротуарға ұшып түскен.

Арнайы мамандар төтенше жағдай орын алған жерге келіп, жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791893-katty-zel-men-dauyl-men-karagandyny-zaksy-kremin-zazuy-kirap-kaldy/