"Опмай-опмай, атамыз қайтеді?": Тойда билеген ақсақал желіні жарды
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде қарияның тойда билеген сәті желіде тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram желісіндегі kazakh.toy тобында жарияланды.
Кадрдан көпшіліктің алдында "Қара жорға" билеген атамызды, ақсақалдың биіне қошемет көрсеткен қонақтарды байқауға болады.
Сондай-ақ, асабаның "Опмай-опмай, атамыз қайтеді" деп айтқаны да анық естіледі.
Мұны көрген желі оқырмандары "атамыз күшті билейді екен", "тамаша", "өмір жасы ұзақ болсын", "қартайғысы келмейтін сияқты" деген сынды пікірлерін қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791908-opmaj-opmaj-atamyz-kajtedi-tojda-bilegen-aksakal-zelini-zardy/