Қазақстанның екі шақырылымдағы сенат депутаты Қайролла Ескендіров қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының екі шақырылымдағы сенат депутаты, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қайролла Ескендіров көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайролла Ескендіров. Фото: facebook.com/marat.igali
Қайролла Ескендіров. Фото: facebook.com/marat.igali: UGC

Facebook парақшасындағы хабарламада Марат Иғали Ақмола облысы сенатордың мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтқандығы жазылған.

"Қоштасу рәсімі Көкшетау қаласында 1 мамыр күні сағат 10:00-да Қазақ драма театрының ғимаратында өтеді", - деді ол.

Айта кетейік, Қайролла Ескендіров 1995 жылғы парламент сайлауында бірінші шақырылымдағы сенат депутаты болып сайланды, кейін 1999 жылы екінші шақырылымда да сенатор болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791930-kazakstanny-eki-sakyrylymdagy-senat-deputaty-kajrolla-eskendirov-kajtys-boldy/