Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BI Group Шымкенттің жылжымайтын мүлік нарығына кіреді

Опубликовано:

Tamerlan Residence тұрғын үй кешені - Шымкент қаласы үшін тұрғын үйдің жаңа стандарты, тіпті мұндай үй бұл өлкеде бұрын-соңды болмаған! Ең ірі оңтүстік мегаполис тұрғындары үшін бұл, әрине, маңызды оқиға!

Би ай

Бизнес-класты тұрғын үй кешені екі кезектен тұрады, барлығы 349 пәтер. Көлемі 1,4 гектар жерде үйдің 7 блогы мен екі деңгейлі жер асты паркингі салынады.

Ғимараттардың сырт келбеті жұмсақ, табиғи түстерді сондай-ақ травертин мен гранит секілді табиғи материалдарды пайдаланып жасалған, ол жасыл аулалармен бірлесе отырып, кешен ішінде үйлесімді орта қалыптастырады.

Би ай

Үй қаланың қарқынды дамып келе жатқан ауданында, Байтереков көшесінің бойында орналасқан, жанында облыстық маңызы бар мәдени және әкімшілік орталықтар бар.

Тұрғындар үшін қажеттінің бәрі үйден бірер қадам жерде: гипермаркет, Metro және Назарбаев зияткерлік мектебі т.б.

Ыңғайлы кіреберіс, көліктерден қоршалған жабық аула, балалар алаңдары мен серуендеу жолдары — барлығы балалар мен ересектер өздерін кешеннің барлық аумағында жайлы сезінуі үшін және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін жасалған. Аула аумағы бірнеше аймаққа бөлінген: спорт алаңдары, балалар үшін ойын алаңдары.

Би ай

Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінің тағы бір ерекшелігі – дизайны жағынан көрікті холлдар.

Үй пәтерден емес, кіреберістен басталады! Мәрмәр, декоративтік кірпіш, HPL панельдер тұрғындар арасында әрбір бөлігі үшін арнайы ойластырылған мінсіз стиль мен жайлылық сезімін тудырады.

Үйді жобалау кезінде пәтер жоспарларына ерекше көңіл бөлінді. Биіктігі 1,8 м кең көлемді терезелер, ал пәтер төбесінің биіктігі – 3 м.
Би ай

Жақын арада Шымкент қаласының тұрғындары, бұл үйден көлемі 49-дан 137 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді таңдай алады!

Шымкент қаласындағы Сату орталығының мекенжайы: Shymkent Plaza СОО, 2-ші қабат (Әл-Фараби алаңы, 3/1).
Би ай

Тұрғын үй кешені туралы ақпарат аталған өнімге сұранысты анықтау мақсатында жарияланды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Кепілдік беру қорымен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін рәсімделетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792172-bi-group-symkentti-zylzymajtyn-mlik-narygyna-kiredi/

pixel