RU

Алматыдағы Гоголь көшесі екі күнге жабылмақ

Оңтүстік астанада Гоголь көшесі аумағын жүріп тұру үшін бірнеше күнге жауып тастайды деп хабаралайды "Алматы жылу желісіне" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс Гоголь көшесі бойымен Нұрмақов көшесінен Байзақов көшесіне дейін уақытша шектеледі.

Жол жүру 3 мамыр сағат 22-ден 6 мамыр сағат 6-ға дейін жабылады.

АЖЖ жолдың жабылу себебін осы аймақтағы жылу магистарлінің қайта құрылу жоспарымен түсіндіріп отыр.

Компаниядағылар қолайсыздық туғызғаны үшін жүргізушілерден кешірім сұрады. Сондай-ақ, аталған учаскімен жүру жолын алдын ала қарастыруды өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792241-almatydagy-gogol-ksesi-eki-knge-zabylmak/