RU

Елімізде +32 градусқа дейін күн ысиды деп күтілуде

Синоптиктер 2019 жылғы 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын айтты. Мамандар алдағы тәуліктерде елімізде ауа температурасы күрт көтерілетін жеткізді деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты.

Мамандар алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтілетінін, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28 градус, оңтүстік және орталықта плюс 27-32 градусқа дейін жоғарылайтынын жеткізді.

"Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады", - деді ауа райын болжаушылар.

Сондай-ақ, синоптиктер еліміздің батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтілетінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792311-elimizde-32-graduska-dejin-kn-ysidy-dep-ktilude/