Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылған соң көлік айдағандар қамауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылған соң көлік айдағандарды қамауға алу жоспарлануда. Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәлетовтің мәжіліс депутаттарының сұранысына берген жауабында мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ernur.kz
Көрнекі фото: Ernur.kz: Instagram

Жауапта Бас прокуратура жүргізуші құқығынан айырылған жүргізушілерді жауапкершілікке тарту тәжірибесін талдап, мұндай адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 - бабының 3-бөлігі (10 АЕК-25 250 теңге) бойынша, ал мас күйінде жүрген жүргізушілерге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жауапкершілік бекітілгені анықталды.

2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтар 5 және 2,8 пайызға өскен.

Бұл ретте атқарушылық іс жүргізуші куәлігінен айырылған кезде жүргізілмейді.

Сондықтан, жауапта көрсетілгендей, жүргізушілер Қылмыстық кодекстің 430-бабы және ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жүргізу құқығынан айыру туралы сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмайды.

Егер олар рөлге отырып, ЖҚЕ бұзса, онда олар тиісті баптар бойынша, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 346-бабы және ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша жауапқа тартылады.

"Талданып отырған құқық бұзушылықтың өсу себептерінің бірі ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігінің жеңілдігі болып табылады, ол тек 10 АЕК көлемінде айыппұлды қарастырады", - делінген жауапта.

Осыған байланысты, Бас прокурор қамауды альтернативті жаза ретінде қарастыра отырып, аталған баптың санкциясын мақсатты түрде қатаңдату қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792383-kazakstanda-zrgizusi-kuliginen-ajyrylgan-so-klik-ajdagandar-kamauga-alynbak/