RU

Жаппай бала ұрлануда және жеткіншектің өлімі: полиция әлеуметтік желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді

Қазақстанда WhatsApp желісі арқылы Алматы облысында балалар ұрланып, жеткіншек өлтірілгені туралы хабар таратылуда деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция әлеуметтік желіде бала ұрлығы мен жеткіншектің өлтірілуі жайында тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді
Көрнекі сурет: Today.kz: Depositphotos

Алматы облысының ПД аталмыш хабарламаларға қатысты пікір білдірді.

Полицияның баспасөз қызметі бұл хабарламаның жалған және негізсіз екенін жеткізді.

Хабарламаның бірінде Балпық би ауылында полицейлер көпір астынан бет-әлпеті бүлінген жеткіншекті тапқандығы айтылған. Екінші хабарламада жаппай балалар ұрланып жатқандығы туралы айтылады.

Полиция қызметкерлері бұрын да осы ақпаратты жоққа шығарғандықтарын айтты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқан тұлғалар ҚР қылмыстық кодексі бойынша жазаға тартылатындығын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792407-zappaj-bala-rlanuda-zne-zetkinsekti-limi-policia-leumettik-zelide-taragan-habarlamaga-katysty-pikir-bildirdi/