RU

Таразда автобуспен соқтығысқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Үшінші мамыр күні Таразда "Газель-32214" маркалы жедел жәрдем көлігі мен "DONG FENG" маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz.

Фото: Жамбыл облысы ПД Баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы ПД Баспасөз қызметі: UGC

Қатты соққының нәтижесінде жедел жәрдем көлігі бір жағына аударылып түскен.

ЖКО нәтижесінде автобустың бір жолаушысы және жедел жәрдемнің үш жолаушысы жарақат алған.

Жапа шеккендердің барлығы медициналық көмекке жүгінген.

Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792410-tarazda-avtobuspen-soktygyskan-zedel-zrdem-kligi-audarylyp-kaldy/