RU

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РММ Қазақстанның төрт өңірлерінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды
Көрнекі сурет: gorobzor.ru: UGC

Төртінші мамыр күні таңертең және күндіз Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының кей аймақтарында шаңды дауыл көтеріліп, шығыстан, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

Ал Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Петропавл қаласында төртінші мамыр күні оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Түнде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғады. Жел қарқыны 18 м/с дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792411-kazakstanny-trt-ajmagynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/