RU

"Іш пыстырарлық": Головкин Альварес-Джейкобс кездесуіне пікір білдірді

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесуден алған әсерімен бөлісіп, жекпе-жектің қызықсыз өткенін айтты деп жазады NUR.KZ.

GGG Альварес-Джейкобс арасындағы кездесуге қатысты өзінің ойын Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін айтарлықтай ештеңе көргенім жоқ. Жай ғана жақсы спарринг матч. Іш пыстырарлық болды. Жанкүйерлер бұдан да жақсысына лайық", - деп жазды боксшы.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренада Сауль Альварес Дэниэл Джейкобсті жеңіп, WBC, WBA Super және IBF титулдарының иегері атанды.

Ал Головкин аталмыш жекпе-жекті T-Mobile аренадан тамашалап отырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792660-is-pystyrarlyk-boldy-golovkin-alvares-dzejkobs-kezdesuine-pikir-bildirdi/