Оралда бос плакат ұстаған жігіт ұсталды (фото)

Опубликовано:

Оралда Абай алаңына жазуы жоқ, бос плакатпен шыққан жігітті полиция қызметкерлері ұстады деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Уральская неделя" басылымы
Фото: "Уральская неделя" басылымы: Depositphotos

Аслан Сағұтдинов 6 мамыр күні қалалық әкімшілікке қарама-қарсы тұста жазуы жоқ плакатты ұстап тұрған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшеков келіп жетті.

Фото: "Уральская неделя" басылымы
Фото: "Уральская неделя" басылымы: Depositphotos

Полиция қызметкерлері қолында бос плакатты бар жігітке жақындап, полиция көлігіне апарды. Тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтауға уәде берді.

Аслан полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ал бірнеше уақыттан кейін ол босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792825-oralda-bos-plakat-stagan-zigit-staldy-foto/