Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімді сыйлаудан қалдым": Алматылық келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Кәмшат есімді алматылық келіншек алғашқы махаббатына тұрмысқа шығып, он жылға жуық уақыт отбасын құрған. Екі баланың анасы атанған әйел бүгінде өз жұбайын мүлде сыйламайтынын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Фото: mywoman.info
Фото: mywoman.info: UGC
"Күйеуім екеуіміз бір-бірімізді шын сүйіп қосылдық. Сол кездегі жоқшылық пен теперіш бізді бір-бірімізге одан бетер жақын еткен еді. Алайда уақыт өте сол сезімнің із-ымғайым жоқ болып кететіні өкінішті. Қазіргі таңда екі ұлымыз өсіп келеді. Жағдайымыз да жақсарып қалды. Бірақ мен күйеуімді сыйлаудан қалғанымды түсіндім", - дейді келіншек.

Әйел соңғы кездері өзінің 10 жылға жуық отасқан жұбайын сыйламай, оған құрмет көрсетуден қалғанын алға тартты.

"Оның әрбір іс-әрекеті ашуыма тиеді. Өзгелердің көзінше оған дауыс көтеруге қынжылмаймын. Ол да қой деп адамды тиюды білмейді. Жай ғана күліп қойып жүре береді. Онысы менің ашуыма одан бетер тиеді. Бірақ өз-өзіммен қалғанда осындай адал жарды неліктен сыйлай алмайтынымды түсінбеймін. Оған жаным ашиды", - дейді ол өз сөзінде.

Келіншектің сөзінше, ол күйеуіне деген ызаның немен байланысты екенін білмейді екен. Күйеуін жақсы көретініне қарамастан, қателіктерін кешіре алмайтын алматылық әйел бір күні қолдағы алтыннан айырылып қалуға қорқатынын айты, жан сырын ақтарды.

"Күйеуімді жақсы көремін. Бірақ іс-әрекетіме қарап, олай айтуға келмес. Оңбай қалған мінезімді басқара алмаймын. Ол болмашы қателік жасаса, кешірместей болып кетемін. Осылай жүріп оны бір күні жоғалтып аламын ба деп қорамын", - деп мұңын шақты кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792911-kjeuimdi-syjlaudan-kaldym-almatylyk-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel