RU

Головкиннің жаңа бапкері жаттығулардың қалай өзгеретінін айтты

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкс GGG жаттығуларында не өзгеретінін атап өтті деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram
Фото: instagram: UGC

Геннадий Головкин ұзақ жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеген жаттықтырушы Абель Санчеспен арасын үзгеннен кейін, Джонатон Бэнксті өзінің жаңа бапкері деп жариялады.

Қазір ол қазақстандық боксшыны Стив Роллске қарсы DAZN-дағы жекпе-жекке дайындауда. Жаттықтырушы бұрынғы чемпионның жаттығу үрдісіне кейбір өзгерістер енгізді.

"Қазір біз оның алаңдағы белсенділігін жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біздің ең бірінші мақсатымыз", - деп түсіндірді жаңа жаттықтырушы.

Ол Геннадийдің өз қарсыластарын ойсырататынын, енді бір емес, бірнеше мәрте соққы жасайтынына үміт артып отырғанын айтты.

ингте қарсыласқа демалуға орын табылмайды. Ол тек раундтар арасындағы үзілісте демалады", - деді Бэнкс.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин жаңа бапкерін ресми түрде таныстырған болатын.

Аптаның басты жаңалықтары Nurtv.kz>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792919-golovkinni-zaa-bapkeri-zattygulardy-kalaj-zgeretinin-ajtty/